• Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған немесе ұзақ уақыт қолданбағанкезде, розеткадан суырып, антенна немесе кабель жүйесін ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдағанкезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғыны бүлінуден сақтайды.• АТ қорек сымын ТТ адаптеріне жалғау үшін, ТТ адаптерінің кернеуінің, жергілікті электр желісініңтехникалық параметрлеріне сай екеніне көз жеткізіңіз.• Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Электр қатері пайда болуымүмкін.• Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан қолмен ұстамаңыз. Осықұрылғыны тек уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.• Қорек сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қуат сымын розеткадан әрқашан ашаның өзіненұстап ағытыңыз. Ешқашан қуат сымынан тартып ағытпаңыз. Қорек сымын су қолмен ұстамаңыз.• Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереуашасынан суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе Samsung жөндеу орталығына хабарласыңыз.• Теледидар пайдаланылмай тұрса немесе үйде ұзақ уақыт болмасаңыз (әсіресе балалар, қарт адамдарнемесе мүгедек адамдар үйде жалғыз қалса) қуат ашасын розеткадан суыруды ұмытпаңыз.– Шаң жиналып қалса, электр қатері немесе электр ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқылнемесе қызу пайда болуы немесе қорек сымының қаптамасы бүлінуі мүмкін.• Құрылғыны шаңы көп, температурасы жоғары не төмен, ылғалдылығы жоғары, химиялық заттарыбар жерге немесе әуежай, теміржол вокзалы, т.с.с. тәрізді, теледидар тәулігіне 24 сағат жұмысістейтін жерлерге орнататын болсаңыз, міндетті түрде Samsung уәкілетті қызмет көрсету орталығынахабарласыңыз. Олай етпесеңіз, теледидарға елеулі нұқсан келуі мүмкін.• Жерге дұрыс қосылған аша мен розетканы ғана пайдаланыңыз.– Жерге дұрыс тұйықталмаса, электр қатері орын алуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-шісынып құрылғысына ғана қатысты.)• Осы құрылғыны толық сөндіру үшін розеткадан ағытыңыз. Қажет болған жағдайда осы аспаптыңтоқтан жылдам суырылуын қамтамасыз ету үшін қабырғадағы розетка мен қуат ашасына оңай жетугеболатынына көз жеткізіңіз.• Керек-жарақтарын (батарея т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.• Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз. Құрылғы бүлінген болса, қуат сымын суырыңыз да,Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.• Осы құрылғыны тазалау үшін қорек сымын розеткадан ағытыңыз да, жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз.Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш, құрт-құмырысқаға қарсы құрал, ауа тазартқыш, лубрикантнемесе жуғыш зат тәрізді химиялық құралдардың ешбірін қолданбаңыз. Бұл химиялық заттар ТД-дыңсынын бұзуы немесе өнімге басылған жазуларды өшіруі мүмкін.• Осы аспапқа сұйық затты тамшылатпаңыз немесе шашыратпаңыз.• Батареяларды отқа тастамаңыз.• Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.• Қашықтан басқару пультіндегі батареялардың орнына сай келмейтін батарея түрін салсаңыз жарылысшығуы мүмкін. Батареяның орнына, дәл осындай батареяны салыңыз.* Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілгенжәне олар нақты құрылғыдан өзгеше болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасыалдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.Қазақ - 4