Казақ - 2Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқауларЕскерту! Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар(Осы құрылғыны орнатпай тұрып, Samsung құрылғыңызда көрсетілгентаңбаларға сай келетін тиісті тарауларды оқыңыз.)АБАЙ БОЛЫҢЫЗАБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ ҮШІНҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН) АЛМАҢЫЗ.ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫНЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢБАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА ТАПСЫРЫҢЫЗ.АШПАҢЫЗ, ЭЛЕКТР ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАЙСЫЗ.Бұл белгіше құрылғының ішінде жоғарыкернеу бар екенін көрсетеді. Осы өнімніңішкі бөлшектеріне қол тигізу қауіпті.Бұл белгі осы өнімді іске қосу және күтіпұстауға қатысты маңызды нұсқауларкөрсетілген кітапшаның өніммен біргежеткізілетінін ескертеді.• Корпустың ішіндегі, артқы жағы мен астыңғы жағындағы ұяшықтар мен саңылаулар желдету үшін қажет. Осы құрылғының тиімдіжұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін және оны қатты қызып кетуден сақтандыру үшін, аталмыш ұяшықтар мен саңылаулар ешқашанбітелмеуге немесе жабық тұрмауға тиіс.− Осы құрылғыны кітап сөре немесе кіріктірілген шкаф тәрізді тар жерге, егер ауа айналымы жоқ болса орнатпаңыз.− Осы құрылғыны батарея немесе қызу резисторының қасына немесе үстіне не күн сәулесі тура түсетін жерге қоймаңыз.− Осы құрылғының үстіне су құйылған сауыттарды (құмыра т.с.с.) қоймаңыз, себебі өрт немесе электр қатері орын алуы мүмкін.• Осы құрылғыны жаңбыр немесе суға жақын жерге (ванна, леген, ас үй раковинасының немесе кір жуатын шылапшынның қасына,ылғалды жертөле немесе бассейн т.с.с. қасына қоймаңыз). Егер бұл құрылғы кездейсоқ су болып қалса, электр желісінен ағытыңыз да,дереу уәкілетті дилерге хабарласыңыз. Тазалардың алдында құрылғының ашасын розеткадан алып қоюды ұмытпаңыз.• Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған жерде, осы батареяларды қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін тиісті түрде тастаудықажет ететін ережелер болуы мүмкін.• Ескірген батареяны тастау немесе өңдеуден өткізу туралы ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.• Розетка, қорек сымы немесе адаптерді көрсетілген жүктемесінен асыра жүктемеңіз, себебі өрт немесе электр қатеріне ұшырауыңызмүмкін.• Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп, әсіресе қорек сымының ашаға,адаптерге жақын ұшына және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аудара отырып төсеу керек.• Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау немесе қасында болмаған не ұзақ уақыт қолданбаған кезде, ашасынан суырып, антеннанемесе кабельдік телевизия жүйесінен ағытыңыз. Бұл найзағай жарқылдаған кезде немесе электр қуаты артқан кезде құрылғыныбүлінуден сақтайды.• А Т қорек сымын ТТ адаптеріне жалғау үшін, ТТ кернеу мәнінің, жергілікті электр желісінің техникалық параметрлеріне сай келетініне көзжеткізіңіз.• Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат сұқпаңыз. Бұлай істегенде, электр қатері пайда болуы мүмкін.• Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі жағын ешқашан қолмен ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек уәкілетті техник ғанаашуға тиіс.• Қорек сымының ашасын мықтап сұғыңыз. Қорек сымын розеткадан ағытқан кезде, міндетті түрде ашасынан ұстап суырыңыз. Қорексымын су қолмен ұстамаңыз.• Егер құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан әдеттен тыс шу немесе түтін шықса - дереу ашасынан суырыңыз да, уәкілеттідилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.• Теледидарды қолданбасаңыз немесе ұзақ уақыт үйде болмасаңыз (әсіресе, балалар, қарт адамдар немесе мүгедек адамдар үйдежалғыз қалса) ашасын розеткадан суырып ағытып қойыңыз.− Шаң жиналып қалса, электр қатері, электр ағысы пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе қызу пайда болуы немесе қорексымының қаптамасы бүлінуі мүмкін.• Құрылғыны шаңы көп, температурасы жоғары немесе төмен, өте ылғалды, химиялық заттары бар немесе 24 сағат жұмыс істейтінәуежай, темір жол вокзалы, т.с.с. тәрізді жерлерге орнату үшін міндетті түрде уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұлайістемеген жағдайда, құрылғыға елеулі нұқсан келуі мүмкін.• Тиісті түрде жерге қосылған аша мен розетканы қолданыңыз.• Жерге дұрыс қосылмаса, электр қатері орын алуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-ші топқа жататын құрылғыға ғана қатысты.)• Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін, ашаны розеткадан ағыту керек, сондықтан да, аша қайта қолдануға дайын тұруға тиіс.• Балаларға осы құрылғыға тартылуға жол бермеңіз.• Керек-жарақтарын (батарея т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерге сақтаңыз.• Құрылғыны орнықсыз тұрған сөре, көлбеу еден немесе дірілдейтін жерге орнатпаңыз.• Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе оған күш салмаңыз. Құрылғы бүлініп қалса, қорек сымын ағытыңыз да, қызмет көрсету орталығынахабарласыңыз.• Қорек сымын розеткадан ағытыңыз да, құрылғыны жұмсақ, құрғақ матамен сүртіңіз. Балауыз, бензол, спирт, сұйылтқыш, құрт-құмырысқаға қарсы құрал, ауа тазартқыш, лубрикант немесе жуғыш зат тәрізді химиялық құралдардың ешбірін қолданбаңыз. Бұлқұрылғының сынын бұзуы немесе өнімге басылған жазуларды өшіруі мүмкін.• Құрылғыға сұйық шашыратуға немесе оған батыруға болмайды.• Батареяларды отқа тастамаңыз.• Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға болмайды.• Батареяны дұрыс салмаған кезде жарылыс шығу қаупі бар. Батареяның орнына, дәл осындай батареяны салыңыз.• ЕСКЕРТУ - ӨРТ ШЫҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН, ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫ МАЙ ШАМ НЕМЕСЕ БАСҚА АШЫҚ ОТ КӨЗДЕРІНЕНАЛЫС ҰСТАҢЫЗ.[UH4000_5000-RU]BN68-05658M-05L04.indb 2 2014-08-20 9:18:52