Қазақ - 9ҚазақСақтық шарасы: Теледидардың құлап түсуіне жол бермеу үшін онықабырғаға бекітуАбайлаңыз: ТД-ды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, құлап кетуі мүмкін. Сондай-ақ,балалардың ТД-ға артылып тұрмауына немесе оны қозғамауына көз жеткізіңіз. Бұләрекет теледидардың төңкеріліп кетіп, адамдардың елеулі жарақат алуына немесеқазасына себеп болуы мүмкін. ТД жинағымен қоса берілген қауіпсіздік парағындағысақтық шараларының барлығын орындаңыз. Орнықтылық пен қауіпсіздікті қосымшақамтамасыз ету үшін келесі бетте сипатталған аударылып кетуден сақтайтын құралдысатып алып орнатыңыз.ЕСКЕРТУ: Теледидарды ешқашан орнықсыз жерге қоймаңыз. Теледидар қондырғысы құлапкетіп, адамдардың елеулі жарақат алуына немесе қазасына себеп болуы мүмкін. Мына сияқтықарапайым сақтық шараларын орындау арқылы көптеген зақымдарға, әсіресе балалардыңжарақат алуына жол бермеуге болады.• Теледидар өндірушісі ұсынған шкафтарды немесе тұрғыларды немесе құрастыру әдістерінпайдаланыңыз.• Теледидарды қауіпсіз түрде көтеріп тұра алатын жиһазды ғана пайдаланыңыз.• Теледидар орналастырылған жиһаздың шетінен теледидардың шығып тұрмағанына көзжеткізіңіз.• Балаларға теледидарға немесе оның басқару құралдарына жету үшін жиһаздың үстінешығудың қауіпті екенін түсіндіріңіз.• Теледидарға жалғанған сымдар мен кабельдерді оларға кісі сүрініп, тартып қалмайтындайнемесе жұлып алмайтындай етіп өткізіңіз.• Теледидарды ешқашан орнықсыз жерге қоймаңыз.• Теледидарды биік жиһаздың (мысалы, шкафтың немесе кітап сөресінің) үстіне қойғанда,жиһаз бен теледидарды қолайлы тіреуге анкермен бекітпей тұрып қоюға болмайды.• Теледидар мен тіреуіш жиһаздың арасында болуы мүмкін матаның немесе басқаматериалдардың үстіне теледидарды қоюға болмайды.• Ойыншық немесе қашықтан басқару пульті сияқты заттарды теледидардың немесетеледидар қойылған жиһаздың үстіне қоюға болмайды, себебі балалар олардың үстінешығуға тырысуы мүмкін.Егер қолданыстағы теледидарды сақтауға қоятын немесе орнын ауыстыратын болсаңыз,жоғарыдағы шараларды ескеру қажет.